When you start, the HP laptop is Windows 7
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге келген меңзегіш құрылғыларға қоса, компьютердің USB
порттарының біреуіне жалғап, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік параметрлері, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғылар параметрлерін реттеу үшін Windows жүйесіндегі тінтуір сипаттарын пайдаланыңыз.
Тінтуір сипаттарын ашу үшін:
●
Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармағын
таңдаңыз. Одан кейін, компьютеріңізді көрсететін құрылғыны тінтуірдің оң түймешігімен
басып, Параметры мыши (Тінтуір параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Меңзегіш құрылғыны пайдалану
Меңзегіш құрылғыны экранда меңзерді жылжытқыңыз келетін бағытта басыңыз. Меңзегіш
құрылғының сол жəне оң түймелерін сыртқы тінтуірдің сол жəне оң түймелері сияқты
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
26 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










