When you start, the HP laptop is Windows 7
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
Компьютердің екі жад модулі ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру:
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы режимінде немесе гибернация режимінде болғанда қатты
дискіні шығарып алуға болмайды.
Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Айнымалы ток қуатын жəне компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз.
3. Батареяны алыңыз.
4. Қызметтік қақпақ бұрандасын (1) босатып, алыңыз.
5. Қызметтік қақпақты босату үшін үшін қызметтік қақпақты босату ысырмасын оңға (2)
сырғытыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру 35










