When you start, the HP laptop is Windows 7

Компьютерді тазалау
тазалау заттары
Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет
қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.)
Шыны тазалауға арналған спиртсіз сұйықтық
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Мына тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, митилен хлориді жəне гидрокарбондар сияқты қатты
еріткіштер; олар компьютердің бетін қатты зақымдауы мүмкін.
Қағаз орамалдар сияқты талшықты материалдар компьютер бетін тырнап тастауы мүмкін.
Уақыт өте келеі сызаттарда лас бөлшектер жəне тазалау заттары тұрып қалады.
Тазалау іс рəсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппай тұрып, құрғақ екенін тексеріңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Жақтар мен есікті тазалау жəне зарарсыздандыру үшін бұрынырақ тізілген тазалау
ерітінділерінің біріне малынған жұмсақ микроталшықты шүберекті немесе күдеріні
пайдаланыңыз я болмаса бактерицидтік бір рет пайдалануға арналған сүлгіні пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
Компьютерді тазалау 41