When you start, the HP laptop is Windows 7

6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау үшін Windows сақтық көшірмесін жəне қалпына келтіру мүмкіндіктерін
пайдаланып, жекелеген файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін жасаңыз, бүкіл қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық
дискіенгізгі (тең таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық дискіенгізгі көмегімен
жүйені қалпына келтіру дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерді) немесе жүйені қалпына
келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйе
істен шыққан жағдайда, сақтық көшірме файлдарын
пайдаланып, компьютер мазмұнын қалпына келтіре аласыз.
Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру келесі параметрлерді қамтамасыз етеді:
Орнатылған оптикалық дискіенгізгі (тең таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы
оптикалық дискіенгізгі көмегімен жүйені қалпына келтіру дискісін жасау
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе суретін жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
Автоматты
сақтық көшірмелер жасауды жоспарлау (тек таңдаулы үлгілерде\)
Жүйені қалпына келтіру межелерін жасау
Жекелеген файлдарды қалпына келтіру
Компьютердің алдыңғы күйін қалпына келтіру
Қалпына келтіру құралдарын пайдаланып ақпаратты қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Егжей-тегжейлі нұсқаулар алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне
қолдау) ішінде осы бөлімдерді іздеңіз.
Жүйе тұрақсыздығы жағдайында, HP қалпына келтіру процедураларын басып шығарып,
кейінірек пайдалану үшін сақтауды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін қолданылатын
пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату,
қызметтік бағдарламаларды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты
тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша
ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
43