When you start, the HP laptop is Windows 7
HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру
дискісін жасау
HP Recovery Disc Creator — қалпына келтіру дискісін жасаудың баламалы жолын ұсынатын
бағдарлама. Компьютерді сəтті реттегеннен кейін HP Recovery Disc Creator бағдарламасын
пайдаланпы қалпына келтіру дискісін жасауға болады. Бұл қалпына келтіру дискіісі қатты диск
бүлінсе, жүйені қалпына келтіруді орындайды. Жүйені қалпына келтіру түпнұсқа амалдық
жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламаларды қалпына келтіреді, содан кейін
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
HP Recovery Disc Creator бағдарламасы қалпына келтіру DVD дискілерінің екі
түрін жасай
алады:
●
Windows DVD дискісіі— қосымша драйверлер немесе қолданбалар жоқ амалдық жүйені
орнатады. Бұл параметрді таңдуа, түпнұсқа амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған
бағдарламаларды қалпына келтіретін DVD дискісін жасайды.
●
Драйверлер DVD дискісі — дəл HP Software Setup қызметтік бағдарламасы драйверлер
мен қолданбаларды орнатқандай, тек белгілі бір драйверлер мен қолданбаларды
орнатады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
ЕСКЕРІМ: Амалдық жүйені қалпына келтіру мультимедиасын тек бір рет жасауға болады.
Бұдан кейін бұл мультимедианы жасау параметрі қол жетімді емес болады.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Security and Protection
(Қауіпсіздік жəне қорғаныс) > HP Recovery Disc Creator тармағын таңдаңыз.
2. Driver DVD (Драйверлер DVD дискісі) немесе Windows DVD (Windows DVD дискісі
параметрін таңдаңыз).
3. Ашылмалы мəзірде қалпына келтіру мультимедиасын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Жазу процесін бастау үшін Записать түймесін басыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін қалпына келтіру дəл соңғы сақтық көшірме қаншалықты жақсы болса,
соншалықты жақсы болады. Бағдарламалық құралдарды орнатқаннан кейін бірден HP
Recovery Disc Creator бағдарламасының көмегімен, орнатылған оптикалық дискіенгізгіні (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық дискіенгізгіні пайдаланып жүйені
қалпына келтіру дискілерін жасау (тек таңдаулы үлгілерде) жəне жүйенің сақтық көшірмесін
жасау керек. Жаңа бағдарламалық құрал жəне
деректік файл қосылатындықтан, қажетті ең
соңғы сақтық көшірмеңіз болуы үшін жүйеңіздің сақтық көшірмесін кезеңді түрде жасап отыруды
жалғастыруыңыз керек. Жүйе тұрақсыздығы жəне ақаулық болғанда жүйені қалпына келтіру
дискілері компьютерді қосуға (жүктеуге) мүмкіндік береді. Бастапқы жəне қосымша сақтық
көшірмелер қате орын алса, деректер мен параметрлерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қосымша сыртқы қатты дискіге,
желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық
көшірмесін жасауыңызға болады.
44 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










