When you start, the HP laptop is Windows 7

Сақтық көшірме жасау кезінде келесіні ескеріңіз:
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін мерзімді
түрде жасап тұрыңыз.
Сақтық көшірме үлгілері тиісті бағдарламаларда сақталады.
Реттелген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
параметрлеріңіздің экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Экран суреті параметрлерді
қайта орнату кезінде уақытты үнемдейді.
Дискілерге сақтық көшірме жасаған
кезде, дискілердің (бөлек сатып алынады) мына
түрлерінің кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL
немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер пайдаланып жатқан оптикалық дискіенгізгі
түріне байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде оларды пайдаланғанда,
қалпына келтіру дискілер саны азаяды.
Дискілерге сақтық көшірме жасау кезінде əрбір дискіні сыртқы дискіенгізгіге салмай тұрып
нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланып сақтық көшірме жасау:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын, компьютердің айнымалы ток
қуатына қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшемі мен компьютер жылдамдығына
байланысты бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірмелеу жəне
қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірмені реттеу, жүйе суретін жасау (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені
қалпына келтіру дискісін жасау (тек таңдаулы үлгілерде) үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді орындау
Жүйе қатесі немесе тұрақсыздығы жағдайында компьютер файлдарды қалпына келтіру үшін
келесі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows сақтық көшірмесін жəне қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдаланып, бұрын сақтық көшірмесін жасаған ақпаратты қалпына келтіре
аласыз. Сондай-ақ, Windows жүйесінің іске қосылуын қалпына келтіру мүмкіндігін
пайдаланып, Windows жүйесінің дұрыс іске қосылуына кедергі жасайтын мəселелерді
түзете аласыз.
f11 қалпына
келтіру құралдары: Түпнұсқа қатты диск суретін f11 қалпына келтіру
құралдарын пайдаланып қалпына келтіруге болады. Сурет Windows амалдық жүйесін жəне
зауытта орнатылған бағдарламаларды қамтиды.
Жүйені қалпына келтіруді орындау 45