When you start, the HP laptop is Windows 7
ЕСКЕРІМ: Компьютер іске қосыла алмаса жəне бұрын жасаған жүйені қалпына келтіру
дискілерін пайдалана алмасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), компьютерді қайта іске қосып,
амалдық жүйені қалпына келтіру үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып
алуыңыз керек. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану
(бөлек сатылады) 47-бетте бетінде қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесін жасаған ақпараты қалпына келтіру үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірмелеу жəне
қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
2. Жүйелік параметрлерді, компьютерді (тек таңдаулы үлгілер) немесе файлдарды қалпына
келтіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Іске қосуды қалпына келтіруді пайдаланып ақпаратты
қалпына келтіру үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Іске қосуды қалпына келтіруді пайдалану қатты дискі мазмұнын толығымен өшіреді
жəне қатты дискіні қайта пішімдейді. Сіз компьютерде жасаған барлық файлдар жəне барлық
бағдарламалық құралдар тұрақты түрде жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына
келтіру процесі амалдық жүйені, сонымен бірге, драйверлерді, бағдарламалық құралдарды
жəне қызметтік бағдарламаларды қалпына келтіру үшін пайдаланылған сақтық көшірмеден
қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмелерін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, Windows бөлімінің жəне HP қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Windows бөлімі бар-жоғын тексеру үшін Пуск (Бастау) > Кoмпьютер тармағын таңдаңыз.
HP қалпына бөлімін тексеру үшін Пуск (Бастау) түймесін басып, Кoмпьютер белгішесін екі
рет басып, Управления, (Басқару) тармағын, содан кейін
Управления дисками
(Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP қалпына келтіру бөлімі жойылған болса, f11 қалпына келтіру опциясы
қызмет етпейді. Windows бөлімі жəне HP қалпына келтіру бөлімі тізімде жоқ болса,
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін жəне Driver Recovery (Драйверлерді қалпына
келтіру) дискісін (екеуі де бөлек сатылады) пайдаланып амалдық жүйе мен
бағдарламаларды қалпына келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық
жүйесінің DVD дискісін пайдалану (бөлек сатылады) 47-бетте бетінде қараңыз.
3. Windows бөлімі жəне HP қалпына келтіру бөлімі тізімде бар болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз да, Windows амалдық жүйесі жүктелмей тұрып, f8 пернесін басыңыз.
4. Восстановление запуска (Іске қосуды қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарын пайдаланып ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша
ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) орталығында мына
бөлімдерді іздеңіз.
46 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










