When you start, the HP laptop is Windows 7
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану қатты дискінің мазмұнын өшіреді жəне
қатты дискіні қайта пішімдейді. Сіз компьютерде жасаған барлық файлдар жəне барлық
бағдарламалық құралдар тұрақты түрде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта
орнатылған амалдық жүйені жəне HP бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек.
f11 пернесін пайдаланып түпнұсқа қатты диск суретін қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмелерін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер белгішесін екі рет басып, Управление (Басқару) пəрменін таңдаңыз
да, Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP қалпына келтіру бөлімі тізімде жоқ болса, Windows 7 амалдық жүйесінің
DVD дискісін жəне Driver Recovery (Драйверлерді қалпына келтіру) дискісін (екеуі де бөлек
сатылады) пайдаланып амалдық жүйе мен бағдарламаларды қалпына келтіру керек.
Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану (бөлек
сатылады) 47-бетте бетінде қараңыз.
3. HP қалпына келтіру бөлімі тізімде бар болса, компьютерді қайта іске қосыңыз да, экранның
төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Іске қосу мəзірі үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану (бөлек
сатылады)
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс бру үшін НР веб-торабына өтіңіз. АҚШ
қолдау қызметі үшін
http://www.hp.com/go/contactHP бетіне өтіңіз. Дүниежүзілік қолдау үшін
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html бетіне өтіңіз. DVD дискісіне қолдау
қызметіне қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін
компьютерде бар Дүниежүзілік телефон нөмірлері кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты дискінің мазмұнын
толығымен өшіреді жəне қатты дискіні қайта пішімдейді. Сіз компьютерде жасаған барлық
файлдар жəне барлық бағдарламалық құралдар тұрақты түрде жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сонымен бірге, драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне қызметтік бағдарламаларды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді бастау үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минут алады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмелерін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз да, Windows жүйесі жүктелмей тұрып, оптикалық
дискіенгізгісіне Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін салыңыз.
3. Нұсқау алғанда пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
Жүйені қалпына келтіруді орындау 47










