When you start, the HP laptop is Windows 7
Жапсырмалар
Компьютерге жабыстырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе
компьютермен басқа елдерге барғанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді.
●
Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде:
Бөліктері
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмір (с/н)
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (ө/н)
(4) Кепілдік мерзімі
(5) Үлгі сипаттамасы (тек таңдаулы үлгілерде)
Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді. Бұл жапсырма батарея
бөлімінің ішінде жабыстырылған.
●
Microsoft® түпнұсқалық туралы куəлігінде Windows® өнім кілті бар. Амалдық жүйені
жаңарту немесе ақаулықтарды жою үшін өнім кілті қажет болуы мүмкін. Microsoft
түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы батарея бөлімінің ішінде жабыстырылған.
●
Құқықтық деректер жапсырмасы компьютер туралы құқықтық ақпарат береді. Бұл құқықтық
ақпарат бар
жапсырма батарея бөлімінің ішінде жабыстырылған.
●
Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілері (тек таңдаулы үлгілерде) — қосымша сымсыз
құрылғылар туралы ақпарат жəне құрылғылар қолданылатын кейбір елдер немесе
аймақтардың бекітілген таңбаларын береді. Егер компьютер үлгісінде бір немесе бірнеше
сымсыз құрылғылар болса, бір не бірнеше куəландыру белгісі компьютерге қосылады. Бұл
ақпарат басқа елдерге сапарға шыққанда қажет болуы
мүмкін. Сымсыз куəландыру
белгілері батарея бөлімінің ішінде жабыстырылады.
●
SIM (абонентті анықтау модулі) жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде) —SIM картасының
ICCID кодын (Кірістірілген байланыс картасының коды) береді. Бұл жапсырма батарея
орнына жабыстырылған.
●
HP мобильді кең жолақты модулінің қызметтік жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде) —
HP мобильді кең жолақты модулінің сериялық нөмірін береді. Бұл жапсырма батарея
орнына жабыстырылған.
Жапсырмалар 51










