Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012, 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ......................................
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ................................................................................................. 21 Веб-камераны пайдалану ................................................................................................................ 22 Дыбысты пайдалану ......................................................................................................................... 22 Динамиктерді қосу .......................................................................
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару .......................................................... 39 Батарея ақпаратын табу .................................................................................................. 39 Батарея қуатын үнемдеу ................................................................................................. 40 Төмен батарея деңгейлерін анықтау .............................................................................. 40 Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу .......
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау ........................................................................................................... 60 Құпия сөздерді пайдалану ............................................................................................................... 60 Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату .................................................................... 61 Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату ......................................................................
13 Электростатикалық разряд ..................................................................................................................... 78 Индекс ...............................................................................................................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында орнату жасағаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді мұқият оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін, осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға жəне мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Windows 8 Негіздері нұсқаулығы ● Windows 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты. Кепілдікке қатынасу үшін, HP қолдау көмекшісі бағдарламасын Бастау экранынан таңдап, Менің компьютерім таңдаңыз жəне Кепілдік жəне қызметтер таңдаңыз не http://www.hp.com/go/ orderdocuments торабына өтіңіз. *Құрылғыға қатысты арнайы НР шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта келген CD/DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарының ішінен табуға болады.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерде бар аппараттық құралдардың тізімін көру үшін 1. Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз. 2. Жүйе жəне қауіпсіздік опциясын, содан кейін «Жүйе» аймағындағы Құрылғылар басқарушысы опциясын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискілерді оқиды. ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, тек таңдаулы үлгілерде оптикалық диск жетегі оптикалық дискіге жазады. (2) Оптикалық жинақтағыш диск шамы ● Жасыл: Оптикалық дискіге кіру орындалуда. ● Өшірулі: Оптикалық диск бос күйде. (3) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі Диск салғышты шығарады. (4) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады.
Сол жақ Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Бөлік Сипаттама (8) Сандық медиа ұясы Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты сандық жад карталарынан оқиды жəне мəліметтерді карталарға жазады. (9) Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. (10) Қуат шамы ● Ақ: Компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) Ішкі микрофон Дыбысты жазады. (3) Веб-камера Бейне ағыны мүмкіндігімен бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне бейне конференциялары мен желіде əңгімелесу сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақта тақтасын қосады немесе өшіреді. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: Сенсорлы тақта қосулы. (3) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сенсорлы тақта тақтасының сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі.
Түймешіктер Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, түймешікті басып қалып күту күйінен шығыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік 12 Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (3) Windows логотипті перне Бастау экранын көрсетеді. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (5) Windows қолданбалар пернесі Таңдалған нысан үшін опциялар тізімін көрсетеді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (2) Желдеткіштер (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады.
Бөлік Сипаттама (4) Сымсыз модулі мен жад модулінің бөлімі Қатты диск ұясы (5) Ішінде сымсыз модулі мен жад модулі бар ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Сервистік жапсырма компьютердің астына жабыстырылған. ● Техникалық деректер жапсырмасы — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. Нормативтік ақпараты бар жапсырма батарея ұясында орналасады. ● Сымсыз куəлік белгісі немесе белгілері — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпарат жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған кейбір елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Бастау экранына сеть и общий доступ (желілік бақылау жəне ортақ қолданыс) деп жазыңыз. 2. Параметрлер басып, көрсетілген опциялардан Желі жəне ортақ пайдалану орталығы тармағын таңдаңыз.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама жəне қолдау» тармағын қараңыз. Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөлімін ашу үшін Бастау экранына справка сөзін жазып, бағдарламалар тізімінен Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу LAN байланысы бөлек сатылатын желі кабелін пайдаланады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, динамиктер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама (6) Үндеткіштер Дыбыс шығарады. (7) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Гарнитураны қосу Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз гарнитураны не үндеткіштерді қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз.
Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін VGA порты болады. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики и наушники (Үндеткіштер жəне құлақаспаптар) параметрін таңдаңыз. 3. Əдепкі күйді орнату пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5 Түрту қимылдары, меңзегіш құрылғылар мен пернетақтаның көмегімен жылжу Компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса түрту қимылдарымен (тек таңдаулы үлгілерде) жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Компьютермен бірге берілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта экрандағы меңзегіш құрылғыны саусақпен басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Əр қимылдың көрсетілімін көру үшін: 1.
Жылжу Жылжу қимылы — бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағында аздап алшақ орналастырып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға сүйреңіз. Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді не мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосуреттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. ● Бір нысанға меңзерді апарып, сол қолдың сұқ саусағымен сенсорлы тақта аймағында ілмек жасаңыз. Оң қолмен сұқ саусақты оңға қарай 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Жиектерден жүргізіп өту Жиектерден жүргізіп өту параметрлерді өзгерту жəне қолданбаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Оң жақ жиектен жүргізіп өту Оң жақ жиектен жүргізіп өту іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін бүйірлік тақтаны ашады. ● Бүйірлік тақтаны экранға шығару үшін, саусағыңызды оң жақ жиектен жайлап сырғытыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қолданба белсенді болған кезде, үстіңгі жиектегі қимыл қолданбаға байланысты əртүрлі болады. ● Қолжетімді қолданбаларды экранға шығару үшін, саусағыңызды үстіңгі жиектен жайлап сырғытыңыз. Сол жақ жиектен жүргізіп өту Сол жақ жиектен жүргізіп өту ашық қолданбалардың арасында жылдам ауысу үшін оларды көрсетеді. ● 32 Қолданбалардың арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен жүргізіп өтіңіз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы теруге, элементтерді таңдауға жəне түрту қимылдары арқылы орындауға болатын функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық қолданбадан немесе жұмыс үстелінен Бастау экранына жылдам қайтуға мүмкіндік береді.
Белгіше Перне Сипаттама f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Төте жол пернесі + Перне Сипаттама tab Ашық қолданбалардың арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Керекті қолданба экранға шыққанша осы пернелер тіркесімін баса беріңіз. alt + f4 Белсенді қолданбаны жабады. Пернелер тіркесімдерін пайдалану Пернелер үйлесімі — fn пернесі мен esc пернесінің, b пернесінің немесе бос орын пернелерінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде қуат жоспарлары қолданылады.
● Пернетақтадағы пернені басыңыз. ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз. Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, электр қуатының шамдары жанып, компьютер жұмысыңыз тоқтаған жердегі экранға қайтады. ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат өлшегішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат өлшегіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Қуат өлшегіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын жұмыс үстелінде көру үшін, меңзерді Счетчик питания (Қуат өлшегіші) белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару Компьютерде пайдаланушыға ауыстыруға болатын батарея болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Батарея қуатын үнемдеу Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі кеңестерді пайдаланыңыз. ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Қуат параметрлері ішінен Қуат үнемдегіші параметрін таңдаңыз. ● Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден батареяны шығарып алыңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пайдаланушы ауыстыра алатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз. 2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақта компьютер батареясын зарядтамаңыз. ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде. ● Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде). ● Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) бағдарламасы іске қосылғанда. ● Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде. Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Дисплей жарықтығы жоғарылайды.
Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне дисплей мен компьютерді де өшіреді.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін ішкі қатты диск немесе қатты күйдегі диск бар. Кейбір компьютерлерде CD, DVD дискілерінен немесе (тек таңдаулы үлгілерде) Blu-ray дискінен (BD) оқуға не жазуға мүмкіндік беретін ішкі оптикалық диск болады.
▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын алғаш жалғаған кезде, компьютер құрылғыны танығанын білдіру үшін жұмыс үстелінде хабарлама жəне хабарландыру аймағында белгіше көрсетіледі. USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз.
2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. Сандық жад картасын шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз. ● Батарея жалғыз қуат көзі болса, тасушыға жазбас бұрын зарядтың жеткілікті екенін тексеріңіз. ● Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады. ● Диск бағдарламалық құралының соңғы жаңартулары орнатылған болуы керек. ● Пайдаланылатын диск таза болмаса, оны құрғақ, талшықсыз, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
шығарылымы салынғанда, CyberLink PowerDVD бағдарламасы ойнатуды жалғастыру үшін жаңарту жасауды сұрайды. Экрандағы нұсқауларды орындап жаңартуды орнатыңыз. ● BD фильмдерін көргенде байқалатын жолақтар сымсыз желі кедергілерінен орын алған болуы мүмкін. Бұл мəселені шешу үшін, барлық ашық бағдарламаларды жауып, сымсыз байланысты ажыратыңыз. Оптикалық дискіні салу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискіні (3) шығарыңыз. Дискіні шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискіні шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискіні қабына салыңыз. Деректер мен дискілерді бөлісу жəне бағдарламалық құралдарға қол жеткізу Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз.
Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін: 50 1. Жұмыс үстелінде хабарландыру аймағындағы Сымсыз белгішесін түймешігімен басыңыз. 2. Желі жəне ортақтасу орталығын ашу опциясын таңдаңыз. 3. Белсенді желілерді қарап шығу тізімінен бір белсенді желіні таңдаңыз. 4. Бөлісу опцияларының құпиялығын, желіні анықтау, файл мен принтерді бөлісу немесе басқа да желілік опцияларды орнату үшін, Қосымша ортақтасу параметрлерін өзгерту опциясын таңдаңыз.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
● Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады. ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз. Қатты дискіні орнына салу ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет.
Қатты дискіні шығарып алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз. 1. Қатты диск қақпағының бұрандасын (1) босатып, қақпақты көтеріп (2), алыңыз (3). 2. Қатты диск кабелін (1) жүйелік тақтадан ажырату үшін оны тартыңыз. 3. Қатты дискіні қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз (2). ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің жақтауын немесе қабын шешіп алу керек. 4. Қатты дискіні аударып, қабелін (1) қатты дискіден ажыратыңыз. 5.
6. Қатты дискіні (3) жақтауынан алыңыз. Қатты дискіні орнату үшін осы процедураны керісінше орындаңыз: Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады. Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан, қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады.
Дискіні тазалау құралын пайдалану Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады. Дискіні тазалау құралын қосу: 1. Бастау экранында disk деп жазып, Параметрлер, содан кейін Қажетсіз файлдарды жою арқылы дискіде орын босату тармағын таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жад модулін қосу немесе ауыстыру Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады.
▲ 7. Сымсыз байланыс жəне жад модульдері бөлімінің қақпағы бұрандасын (1) босатып, қақпақты көтеріп (2), алыңыз (3). Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а. Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз. ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша басыңыз. б. Жад модулінің (3) сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз. НР бағдарламаларының ең соңғы нұсқаларын жүктеңіз жəне де жаңа нұсқалар бар екені туралы автоматты ескертулерді алу үшін тіркеліңіз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
◦ Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармас бұрын, дискіден кез келген драйверді алып тастаңыз. ЕСКЕРТУ: Бұл əрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу алдында, осы əрекетті орындаңыз. Бұл компьютердiң немесе дискінің бұзылу, дискіге зақым келу немесе мəлiмет жоғалу қаупін төмендетеді. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден бөлек ұстаңыз.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экран сақтағышы құпия сөзі сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпарат алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» тармағын көріңіз. Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөлімін ашу үшін Бастау экранына справка сөзін жазып, бағдарламалар тізімінен Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет Пайдаланушы құпия сөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
Əкімші құпия сөзін немесе қосылғанда сұралатын құпия сөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту немесе жою: 1. Орнату бағдарламасын (BIOS) іске қосу үшін компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз, содан кейін f10 пернесін тез басыңыз. 2. Қауіпсіздік пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 57-бетте бөлімінен қараңыз. Windows жаңартуларын орнату Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді.
құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін бірнеше əдістердің біреуі ғана болып табылады. Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 64 1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз. 3.
10 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
System Diagnostics пайдалану System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. System Diagnostics құралын бастау: 1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f2 пернесін басыңыз. 2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: басыңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін HP компаниясы жəне амалдық жүйе ұсынатын құралдар бар. Бұл құралдар компьютерді қарапайым қадамдармен жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе тіпті бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі.
HP Recovery құралын жасау 69-бетте бөлімін қараңыз. 2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру утилитасымен белгілі бір сəтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені қалпына келтіру нүктесінде реестр параметрлері сияқты Windows пайдаланатын ақпарат болады.
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға немесе HP веб-торабынан компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
● Егер сізге жеке ақпаратыңызды, параметрлерді немесе компьютерге алдын ала орнатылған немесе Windows дүкенінен сатып алынған қолданбаларды жоғалтпастан жылдам əрі оңай қалпына келтіру керек болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын қолданып көріңіз. Бұл опция басқа бір дискіге деректердің сақтық көшірмесін жасауды қажет етпейді. Жылдам əрі оңай қалпына келтіру үшін Windows жүйесін қайта жаңартуды пайдалану 72-бетте бөлімін қараңыз.
Жылдам əрі оңай қалпына келтіру үшін Windows жүйесін қайта жаңартуды пайдалану Компьютер дұрыс жұмыс істемей тұрса жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын жаңадан бастап, маңызды нəрселерді қалдыруға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қайта жаңарту жүйеге зауытта бастапқыда орнатылмаған қандай да бір əдеттегі қолданбаларды жояды.
Бастау экранын қолдау үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 2. Шебер түймелері ашылғанда Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз. 3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Компьютер параметрлерін өзгерту опциясын басып, компьютер параметрлері экранынан Жалпы опциясын таңдаңыз. 4. Барлығын жойып, Windows жүйесін қайта орнату астынан Бастау пəрменін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кішірейтілген бейнені қалпына келтіру үшін HP Recovery бөлімін қолдану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан кішірейтілген бейнені қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады. HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін: 1. Компьютер жүктеліп жатқанда f11 пернесін басыңыз.
HP Recovery бөлімін жою HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімінің жойылуы Windows жүйесін қайта жаңарту, барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату немесе кішірейтілген бейнеден қалпына келтіру үшін HP Recovery Manager опциясын қайтып пайдалана алмайтыныңызды білдіреді.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Жұмыс ортасы 77
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 24 Айнымалы ток адаптері 5 ақаулықтарды жою Айнымалы ток адаптері 42 аудио кіріс (микрофон) ұясы 6, 22 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 25 аудио функциялары, тексеру 23 аудио функцияларын тексеру 23 аудио шығыс (құлақаспап) ұясы 6, 22 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 34 Анықтама жəне қолдау орталығы 33 анықтау 12 дыбыс деңгейін арттыру 34 дыбысты өшіру 34 келесі жолшық немесе бөлім 34 ойнату, кідірту, жалғастыру 34 сымсыз байланыс 34 төм
бағдарламалық құрал, пайдалану 62 К кабельдер USB 45 компьютер, сапарға шығу 41 компьютерге күтім көрсету 58 компьютерді өшіру 43 компьютерді сапарға алып шығу 15, 41, 58 компьютерді тазалау 58 компьютерді тасымалдау 58 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 72 концентраторлар 44 корпоративтік WLAN қосылымы 19 Күту қосу 37 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 40 Күту режимі қосу 36 шығу 36 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 54 Дискіні тазалау 55 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 8, 21 кіш
сандық карта салу 45 Сандық медиа ұясы, анықтау 7 Сенсорлы тақта түймешіктер 9 Сенсорлы тақта аймағы, анықтау 9 сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 30 жылжу 29 қысу 29 масштабтау 29 Сенсорлы тақта қосу/өшіру түймешігі 9 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 30 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 29 сенсорлы тақтаның қысу қимылы 29 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 29 Сенсорлы тақта шамы 9 сериялық нөмір 14 сериялық нөмір, компьютер 14 сымсыз байланыс түймешігі 16 сымсыз байланыс шамы 10, 16 сымсыз басқару элементт
S Setup Utility (BIOS) құпия сөздері 61 U USB кабелі, қосу 45 USB концентраторлары 44 USB құрылғылары қосылу 44 сипаттама 44 шығарып алу 45 USB порттары, анықтау 5, 6, 21 V VGA порты, жалғау 24 W Windows барлығын жойып, қайта орнату опциясы 72 Жаңарту 71, 72 жүйені қалпына келтіру нүктесі 69, 70 қайта орнату 71, 72 параметрлерді қалпына келтіру 72 сақтық көшірме 69 файлдарды қалпына келтіру 70 Файлдар журналы 69, 70 Windows қауіпсіздік жаңартулары, орнату 63 Windows қолданбалар пернесі, анықтау 12 Windows қ