User Guide - Windows 8

3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысыКомпьютерлерді корпоративті офистер, үй
жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді
сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
Bluetooth құрылғысыкомпьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар,
үндеткіштер жəне камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу
үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады жəне бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын,
əдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы
тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» бөліміндегі
ақпаратты жəне веб-торап сілтемелерін қараңыз. Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөлімін ашу үшін Бастау экранына справка сөзін жазып, бағдарламалар тізімінен
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс
пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса
, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
16 Бап 3 Желіге қосылу