User Guide - Windows 8

Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама жəне
қолдау» тармағын қараңыз. Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөлімін ашу
үшін Бастау экранына справка сөзін жазып, бағдарламалар тізімінен Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз
байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сары тұрса, сымсыз байланыс
түймешігін басыңыз.
2. Жұмыс үстелінен, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы
желі күйі белгішесін таңдаңыз.
3. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
4. Қосу түймешігін басыңыз.
Егер желі
қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ешқандай сымсыз жергілікті желі таңдалмаса, сымсыз жол
жоспарлағыштың немесе кіру нүктесінің қызмет аймағынан тыс болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Егер қосылғыңыз келетін WLAN көрмеген болсаңыз, Желіні ортақ пайдалану
орталығын ашыңыз. Желіні ортақ пайдалану орталығына қатынасу үшін, Бастау экранына
сеть и общий доступ (желі жəне ортақ пайдалану) деп жазыңыз. Параметрлер басып,
көрсетілген опциялардан Желі жəне ортақ пайдалану орталығы тармағын таңдаңыз.
Жаңа қосылым немесе желіні орнату пəрменін таңдаңыз. Желіні қолмен іздеу жəне оған
қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, көрсеткішті тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесінің үстіне
орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, динамиктер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының
параметрлерін реттеу жəне
Сымсыз желіге қосылу 19