User Guide - Windows 8

4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу
жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде
пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін,
динамиктер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары
ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз.
Мультимедиа мүмкіндіктері
Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама
(1) Ішкі микрофон Дыбысты жазады.
(2) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Бастау экранына cyberlink сөзін жазып,
бағдарламалар тізімінен CyberLink YouCam тармағын
таңдаңыз.
(3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда.
(4)
USB 2.0 порттары Қосымша USB құрылғыларын қосады.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 44-бетте
бөлімінен қараңыз.
(5) Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискілерді оқиды.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, тек таңдаулы үлгілерде
оптикалық диск жетегі оптикалық дискіге жазады.
21