User Guide - Windows 8

Бөлік Сипаттама
(6) Үндеткіштер Дыбыс шығарады.
(7)
Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге,
құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына
қосылған кезде дыбыс шығарады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында,
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелерден қараңыз.
(8)
Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
(9)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті
немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(10)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Веб-камераны пайдалану
Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз
немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып
табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу
бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ,
фотосуреттер түсіруге болады.
Веб-камераны Бастау экранынан бастау үшін cyberlink
əрпін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранында справка деп жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
динамиктер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Динамиктерді қосу
Сымды динамиктерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB порттарына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз динамиктерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары динамиктерді қосу үшін,
Дыбыс параметрлерін реттеу
(HDMI теледидар арқылы) 25-бетте бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс
деңгейін реттеңіз.
22 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану