User Guide - Windows 8

Гарнитураны қосу
Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны не үндеткіштерді қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік
жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Дыбысты тексеру
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін
таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Program
Events (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез
келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Test (Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты динамиктер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естисіз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына звук (дыбыс) деп жазып, бағдарламалар тізімінен Запись звука (Дыбыс
жазу бағдарламасы) тармағын таңдаңыз.
2. Жазуды бастау түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды Жұмыс үстеліне
сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны
ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін
таңдаңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
Бейнені пайдалану
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Бейнені пайдалану 23