User Guide - Windows 8
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. Тиімді нəтижелер үшін Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау), одан кейін Регулировать разрешение экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) пəрмендерін таңдаңыз.
Дыбыс параметрлерін реттеу (HDMI теледидар арқылы)
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы
Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Ойнату қойындысында сандық шығыс
құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Əдепкі күйді орнату пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Бейнені пайдалану 25