User Guide - Windows 8

Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы
Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики и наушники (Үндеткіштер жəне
құлақаспаптар) параметрін таңдаңыз.
3. Əдепкі күйді орнату пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз
.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару
CyberLink PowerDVD бағдарламасы (тек таңдаулы үлгілерде) фотосурет жəне бейне
жинақтарын басқаруға жəне өзгертуге мүмкіндік береді.
CyberLink DVD бағдарламасын Бастау экранынан бастау үшін cyberlink сөзін жазыңыз,
одан кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink PowerDVD тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
26 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану