User Guide - Windows 8
5 Түрту қимылдары, меңзегіш
құрылғылар мен пернетақтаның
көмегімен жылжу
Компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса түрту қимылдарымен (тек таңдаулы үлгілерде) жылжу
мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы
экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Компьютермен бірге берілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Нұсқаулықта
сенсорлы тақтамен, сенсорлы экранмен немесе пернетақтамен жиі орындалатын тапсырмалар
туралы ақпарат берілген.
Таңдаулы компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютерде оңай жылжуға мүмкіндік
береді.
Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер опцияларын
өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттеуге болады. Бастау
экранына управление (басқару) сөзін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления
(Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз, одан кейін Оборудование и звук (Аппараттық құрал
жəне дыбыс) опциясын нұқыңыз. Құрылғылар
жəне принтерлер тізімінен Тінтуір тармағын
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру немесе қосу
Сенсорлы тақта өшіру жəне қосу үшін Сенсорлы тақта қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам
түртіңіз.
Сенсорлы тақта шамы Сенсорлы тақта қосулы болғанда өшірулі.
Сенсорлы тақта жұмыс үстеліндегі элементтерді басқару үшін, саусақтарыңызбен жылжыту,
жүргізіп өту, шымшу жəне айналдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі қимылдарды қолдайды.
Сенсорлы тақтаны қолдану 27