User Guide - Windows 8
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта экрандағы меңзегіш құрылғыны саусақпен басқаруға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Əр қимылдың көрсетілімін көру үшін:
1. Бастау экранына управление (басқару) сөзін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз, одан кейін Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) опциясын нұқыңыз.
2. Synaptics TouchPad тармағын таңдаңыз.
3. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Қимылды ажырату немесе қосу үшін:
1. Synaptics TouchPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе
қосқыңыз
немесе ажыратқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып
тастаңыз.
2. Қолдану түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтадағы түрту функциясын қолданыңыз.
●
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта
аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Таңдалған элемент туралы ақпарат беретін анықтама экранын ашу үшін, саусақпен
сенсорлы тақтаны түртіп, ұстап тұрыңыз.
28 Бап 5 Түрту қимылдары, меңзегіш құрылғылар мен пернетақтаның көмегімен жылжу