User Guide - Windows 8
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосуреттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді.
●
Бір нысанға меңзерді апарып, сол қолдың сұқ саусағымен сенсорлы тақта аймағында
ілмек жасаңыз. Оң қолмен сұқ саусақты оңға қарай 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру
үшін, сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға
арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
2 саусақпен басу (тек таңдаулы үлгілерде)
2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді.
●
Таңдалған нысан үшін мəзір пəрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта
аймағына екі саусақты қойып басыңыз.
Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде)
Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
●
Сенсорлы тақта аймағына үш саусақты қойып, жеңіл, жылдам қозғалыспен
саусақтарыңызды жоғары, төмен, солға немесе оңға жүргізіп өтіңіз.
30 Бап 5 Түрту қимылдары, меңзегіш құрылғылар мен пернетақтаның көмегімен жылжу