User Guide - Windows 8

Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы теруге, элементтерді таңдауға жəне түрту қимылдары
арқылы орындауға болатын функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық қолданбадан немесе жұмыс
үстелінен Бастау экранына жылдам қайтуға мүмкіндік береді. Windows логотипті пернені
қайтадан басқанда, алдыңғы экранға қайтасыз.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Компьютерде белгілі бір пернелермен немесе перне тіркесімдерімен жылдам ақпаратқа қол
жеткізудің немесе функцияларды орындаудың түрлі жолдары бар.
Əрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 жəне f6 мен f12
пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,
Setup
Utility (BIOS) жəне System Diagnostics 65-бетте бөлімін көріп, экранның төменгі жағындағы
нұсқауларды орындаңыз.
Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті
əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса
мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты
түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін
сілтемелер ұсынады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша
жоғарылатылады.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану 33