User Guide - Windows 8
Белгіше Перне Сипаттама
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. Бұл əрекет пернесі компьютерден
бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да
құрылғылар арасында кескіндерді
ауыстырып көрсетеді.
f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f7 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f9 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда динамиктің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f10 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда динамиктің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f11 Динамик дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Microsoft Windows 8 төте жол пернелерін қолдану
Microsoft Windows 8 əрекеттерді жылдам орындау үшін төте жолдар ұсынады. Бірнеше төте
жол Windows 8 функцияларын орындауға көмектеседі. Windows логотипті пернені
əрекетті орындайтын пернемен бірге басыңыз.
Windows 8 төте жол пернелері туралы қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама жəне қолдау
бөліміне өтіңіз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау
пəрменін таңдаңыз.
Төте жол
пернесі
Перне Сипаттама
Ашық қолданбадан немесе жұмыс үстелінен Бастау экранына
қайтарады. Пернені қайтадан басқанда алдыңғы экранға
қайтарады.
+ c Бүйірлік тақтаны ашады.
+ d Жұмыс үстелін ашады.
34 Бап 5 Түрту қимылдары, меңзегіш құрылғылар мен пернетақтаның көмегімен жылжу