User Guide - Windows 8

6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат
көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат
үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне
үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде
қуат жоспарлары қолданылады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар. Əдепкі
параметрлер бойынша ұйқылық күйі қосылған. Ұйқы күйінде экран өшіп, бағдарламалар ашық
қалады, жұмысыңыз жадқа сақталады жəне ұйқы күйінен шығу жылдамырақ іске асады.
Компьютер ұзақ мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен
деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады
.
ҰйқыҰйқы күйі батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанда біраз
уақыт əрекетсіздіктен кейін автоматты түрде қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталып,
жұмысыңызды əрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұйқы күйін
қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу 36-бетте
бөлімінен қараңыз.
КүтуКүту күйі батарея заряды аса төмен деңгейге жеткенде автоматты түрде қосылады.
Күту күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРІМ: Егер гибернация күйін қолмен орнату керек болса, Windows Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағында Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын пайдаланып
«Гибернация» күйін орнату керек. Қосымша ақпаратты
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін
қосу немесе күйден шығу 37-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға
болады:
Дисплейді жабыңыз.
Бастау экранында меңзерді экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
апарыңыз. Бүйірлік тақта тізімі ашылғанда, Параметрлер белгішесін, Қуат белгішесін
басып, Ұйқы тармағын таңдаңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Егер экран сөніп тұрса
, оны қосыңыз.
36 Бап 6 Қуат басқару