User Guide - Windows 8

Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, электр қуатының шамдары жанып, компьютер
жұмысыңыз тоқтаған жердегі экранға қайтады.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу
Келесідегідей Windows басқару тақтасындағы Қуат опциялары арқылы пайдаланушы
анықтайтын күту режимін қосуға, басқа қуат параметрлері мен кідірістерді өзгертуге мүмкіндік
береді:
1. Бастау экранында питание (қуат) деп жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін, одан
кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз сілтемесін басыңыз.
3. Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту параметрін таңдаңыз.
4. Қуат түймешігін басқан кезде аймағында Күту күйін таңдаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында питание (қуат) деп жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін, одан
кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Оянғанда құпия сөз сұрау тармағын таңдаңыз.
3. Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту параметрін таңдаңыз
.
4. Құпия сөз сұрау (ұсынылады) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе
өзгерту тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік
жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Өзгертулерді сақтау параметрін таңдаңыз.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 37