User Guide - Windows 8
Қуат өлшегішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат өлшегіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат өлшегіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын
көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын жұмыс үстелінде көру
үшін, меңзерді Счетчик питания (Қуат өлшегіші) белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін,
Счетчик электропитания
(Қуат өлшегіші) белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Сондай-ақ, Бастау
экранында power деп жазып, Параметрлер, содан кейін Қуат опциялары тармағын
таңдауға да болады.
Əртүрлі қуат өлшегішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Заряд төмен немесе өте төмен деңгейге жеткенде, батарея
белгішесі хабар береді.
Қуат жоспарын таңдау
Қуат жоспары компьютердің қуатты үнемдеу жолын басқарады, сондай-ақ қуат үнемдеуге жəне
компьютер жұмысын арттыруға көмектеседі. Қуат опциясын өзгерту үшін, Бастау экранында
power деп жазып, Параметрлер, содан кейін Қуат опциялары тармағын таңдаңыз.
Мына қуат жоспарлары бар:
●
HP Recommended (ұсынылады). Үйлесімді жабдықта өнімділікті арттыру мен қуатты
тұтынылуын автоматты түрде теңестіреді.
●
Қуат үнемдегіші. Жүйе
өнімділігі мен экран жарықтығын азайту арқылы қуатты
мүмкіндігінше үнемдейді.
●
Өнімділігі жоғары. Өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ энергияны жоғары мөлшерде
пайдалануы мүмкін. Бұл қуат жоспары қолданылған кезде зарядтаулар арасында
батареяның заряды ұзақ сақталмайды. Осы қуат жоспарын таңдау үшін, Қосымша
жоспарларды көрсетіңіз опциясын басыңыз.
Өзіңіздің қуат жоспарыңызды жасап, компьютерді қажеттілігіңізге сай пайдалану үшін оны
қалауыңыз бойынша
өзгертуге болады.
Қуат опцияларын пайдалану үшін, Бастау экранында power деп жазып, Параметрлер, содан
кейін Қуат опциялары тармағын таңдаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған
кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерге зарядталған батарея
салынған болса жəне айнымалы қуат компьютерден ажыратылған болса, компьютер
автоматты түрде батарея қуатына ауысып, батарея қуатын сақтау үшін дисплей жарықтығы
азаяды. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея
жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне,
компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
38 Бап 6 Қуат басқару