User Guide - Windows 8
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
Компьютерде пайдаланушыға ауыстыруға болатын батарея болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге
берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру
батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Сондықтан, батареяны шығарып алмай тұрып,
жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріңіз.
Батареяны алу үшін
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, оны компьютерден шығарып алыңыз (3).
Батарея ақпаратын табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған мөлшерлеу, қуатты басқару жəне
техникалық қызмет көрсету мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
, Бастау экранынан HP Support Assistant
қолданбасын, содан кейін Батарея жəне өнімділік тармағын таңдаңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
●
Батареяны сынау
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін, Бастау экранынан HP Support Assistant
қолданбасын, содан кейін Батарея жəне өнімділік тармағын таңдаңыз.
Батареяның қуатымен
жұмыс істеу 39