User Guide - Windows 8

Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз.
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Қуат параметрлері ішінен Қуат үнемдегіші параметрін таңдаңыз.
Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден батареяны
шығарып алыңыз.
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы
құрылғыларды ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
Жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы қуат өлшегішінің белгішесі төмен немесе өте
төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРІМ: Қуат өлшегіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегішін жəне қуат
параметрлерін қолдану 38-бетте бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер күту күйін іске қосады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
40 Бап 6 Қуат басқару