User Guide - Windows 8
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Пайдаланушы ауыстыра алатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареяға
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне
қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын жəне құрғақ жерде
бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен
болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Бастау
экранындағы HP Support Assistant қолданбасын таңдап, Мой компьютер (Менің
компьютерім), содан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға
жеткенде, Анықтама жəне қолдау орталығында батареяны тексеру құралы батареяны
ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген
жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру
туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда
болады.
Айнымалы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату
нұсқаулары кітапшасынан қараңыз.
Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы
сырттағы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз:
Айнымалы қуат көзіне қосып жұмыс істеу 41