User Guide - Windows 8
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақта компьютер батареясын зарядтамаңыз.
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде).
●
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Дисплей жарықтығы жоғарылайды.
●
Жұмыс үстеліндегі қуат
көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратқанда, төмендегі жағдайлар орын алады:
● Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
●
Жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Айнымалы ток адаптерінің ақаулықтарын жою
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
●
Дисплей қосылмайды.
● Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток
адаптері дұрыс істеп тұр.
● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы байланысты тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
АТ адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, тұтынушыларға қолдау
көрсету
қызметіне хабарласыңыз.
42 Бап 6 Қуат басқару