User Guide - Windows 8
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
●
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді
қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
өшіру пəрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болcа, өшірмес бұрын, қуат түймесін тез
басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу керек.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Бастау экранында меңзерді экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
апарыңыз.
3. Бүйірлік тақта тізімі ашылғанда, Параметрлер белгішесін, Қуат белгішесін басып, Өшіру
тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану
мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басыңыз да, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, содан
кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пəрменін таңдаңыз.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны
шығарыңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)43