User Guide - Windows 8
▲
Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын алғаш жалғаған кезде, компьютер құрылғыны танығанын білдіру
үшін жұмыс үстелінде хабарлама жəне хабарландыру аймағында белгіше көрсетіледі.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. Ақпаратыңызды сақтап, құрылғымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан жабдық
белгішесін басыңыз. Безопасное извлечение устройств и дисков (Құрылғылар мен
дискілерді қауіпсіз шығарып алу) хабарламасы экранға шығарылады
. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу
Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу 45