User Guide - Windows 8
2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
Сандық жад картасын шығару үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Жұмыс үстелінде тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында
орналасқан аппараттық құралды шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану
Көлемі үлкен деректерді оқу немесе сақтау үшін, оптикалық диск жетегі лазер шамын
пайдаланады. Кейбір жетектер арқылы тек ақпаратты оқу мүмкін болады, ал кейбіреулерінде
бос дискіге ақпаратты жазуға да болады.
46 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу