User Guide - Windows 8
Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз.
● Батарея жалғыз қуат көзі болса, тасушыға жазбас бұрын зарядтың жеткілікті екенін
тексеріңіз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Диск бағдарламалық құралының соңғы жаңартулары орнатылған болуы керек.
●
Пайдаланылатын диск таза болмаса
, оны құрғақ, талшықсыз, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Компьютерде келесі диск технологияларының біреуіне немесе бірнешеуіне қолдау көрсететін
оптикалық диск жетегі бар болуы мүмкін:
●
Ықшам диск: ықшам дискіде оптикалық диск жетегінің лазерімен оқылатын деректер
сақталады. Келесі CD дискісінің пішімдерін пайдалануға болады:
◦ компьютерге ықшам дискіден ақпаратты оқуға жəне ішіне бір рет жазуға мүмкіндік
беретін жазуға болатын
ықшам диск (CD-R). Ақпаратты CD-R дискісіне жазғаннан
кейін өзгерту мүмкін болмайды. Ол бір жолға жазылады.
◦ ықшам дискідегі ақпаратты оқуға жəне ішіне қалағаныңызша көп рет жазуға мүмкіндік
беретін қайта жазылатын ықшам диск (CD-RW). Бұл ықшам дискідегі ақпаратты
өшіруге болады.
●
DVD: сыйымдылығы жоғары оптикалық диск болып табылатын сандық бейне дискісі. Оған
ықшам дискімен салыстырғанда көбірек ақпарат сақтауға
болады. Екі жақты DVD дискісіне
ең көбі 17 ГБ ақпарат сақтауға болады. Келесі DVD дискісінің пішімдерін пайдалануға
болады:
◦
компьютерге ақпаратты оқуға жəне ішіне бір рет жазуға мүмкіндік беретін жазылатын
DVD дискісі (DVD-R немесе DVD+R). Ақпаратты дискіге жазғаннан кейін өзгерту
немесе жою мүмкін болмайды. Ол бір жолға жазылады. DVD дискілерін DVD±R
жетектеріне салып пайдалануға болады.
◦
дискідегі ақпаратты оқуға жəне ішіне
қалағаныңызша көп рет жазуға мүмкіндік беретін
қайта жазылатын DVD дискісі (DVD-RW немесе DVD+RW). Бұл ықшам дискідегі
ақпаратты өшіруге болады. DVD дискілерін DVD±R жетектеріне салып пайдалануға
болады.
●
BD — Blu-ray дискісінде басқа дискілермен салыстырғанда көбірек ақпарат сақталады
жəне оны ажыратымдылығы жоғары (HD) бейнелерді жазу, қайта жазу немесе ойнату үшін
пайдалануға болады.
BD дискілерін пайдаланғанда төмендегілерді ескеріңіз:
● Компьютерде BD фильмдерін ойнатуға арналған CyberLink PowerDVD бағдарламасы
орнатылған (
тек таңдаулы үлгілерде).
●
Сыртқы дисплей арқылы BD фильмдерінің көбін ойнату үшін HDMI сандық байланысы
қажет болады. Компьютер ажыратымдылығы 1080p HD теледидарын немесе мониторын
қажет ететін ажыратымдылығы ең көбі 1080p болатын сыртқы дисплейге қолдау көрсетеді.
●
BD фильмін ішкі жəне сыртқы дисплейде бір уақытта ойнату əрекетінің нəтижесінде қате
орын алуы мүмкін. Сондықтан бір дисплейді таңдаңыз.
● Көшірме жасаудан қорғау
мақсатында бұл компьютерге AACS (Жетілдірілген мазмұнды
пайдалану жүйесі) кілттері орнатылған. Жаңа BD фильмдерінің шығарылымдары
ойнатылуы үшін, AACS кілттерін жиі жаңартып тұру керек. Жетекке осындай BD фильмінің
Оптикалық диск жетектерін пайдалану 47