User Guide - Windows 8
шығарылымы салынғанда, CyberLink PowerDVD бағдарламасы ойнатуды жалғастыру үшін
жаңарту жасауды сұрайды. Экрандағы нұсқауларды орындап жаңартуды орнатыңыз.
●
BD фильмдерін көргенде байқалатын жолақтар сымсыз желі кедергілерінен орын алған
болуы мүмкін. Бұл мəселені шешу үшін, барлық ашық бағдарламаларды жауып, сымсыз
байланысты ажыратыңыз.
Оптикалық дискіні салу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу
түймешігін (1) басыңыз.
3. Диск салғышты (2) ашыңыз.
4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары
қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап
орналастырыңыз.
5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
6. Диск салғышты жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғаннан кейін диск жетегінің қысқаша тоқталуы қалыпты құбылыс. Егер
медиа ойнатқышы таңдалмаған болса, AutoPlay терезесі ашылады. Ол сізге медиа мазмұнын
қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады.
Оптикалық дискілерді шығарып алу
1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып,
салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз.
48 Бап 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу