User Guide - Windows 8
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискіні (3) шығарыңыз. Дискіні
шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискіні шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
3. Диск науасын жауып, дискіні қабына салыңыз.
Деректер мен дискілерді бөлісу жəне бағдарламалық құралдарға қол
жеткізу
Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты
пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желідегі компьютерлер бір-бірлерімен бағдарламалық
құралдар мен деректерді алмаса алады.
ЕСКЕРІМ: DVD фильмі немесе ойыны сияқты диск көшіруден қорғалған болса, оны бөлісу
мүмкін емес.
Бір желідегі қалталарды немесе кітапханаларды бөлісу үшін:
1. Жұмыс үстелінде Файлдар реттегіші бағдарламасын ашыңыз.
2. Кітапханалар терезесіндегі Ортақ пайдалану қойындысын басып, Белгілі бір адамдар
параметрін таңдаңыз.
3. Файлды ортақ пайдалану жолағына бір атты жазып, Қосу түймешігін басыңыз.
4. Общий доступ (Ортақ пайдалану) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жергілікті дискіңіздегі ақпаратты ортақ пайдалану үшін
1.
Жұмыс үстелінде Файлдар реттегіші бағдарламасын ашыңыз.
2. Локальный диск (C:) (Жергілікті диск (C:)) опциясын таңдаңыз. Жергілікті диск (C:)
опциясын таңдаңыз.
3. Ортақ пайдалану қойындысын басып, Қосымша ортақтасу опциясын таңдаңыз.
4. Жергілікті диск (C:) сипаттары терезесіндегі Қосымша ортақтасу опциясын таңдаңыз.
5. Осы қалтаны ортақ пайдалану параметріне құсбелгі қойыңыз.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану 49