User Guide - Windows 8

Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қатты дискіні орнына салу
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Дискіні
құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға
не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискіні пайдалану бойынша арнайы сақтық
шараларын
Дискілер ұстау 51-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі
немесе ұйқы күйінде екенін білмеген жағдайда, компьютерді қосып, амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
5. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қатты диск қақпағының бұрандасына қол жеткізу үшін, ең алдымен, сымсыз
байланыс жəне жад модульдері бөлімінің қақпағын алу қажет.
Сымсыз байланыс жəне жад модульдері бөлімінің қақпағын алу үшін
Сымсыз байланыс жəне жад модульдері бөлімінің қақпағы бұрандасын (1) босатып,
қақпақты көтеріп (2), алыңыз (3).
52 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету