User Guide - Windows 8

Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup
құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Бастау экранында disk деп жазып, Параметрлер, содан кейін Қажетсіз файлдарды жою
арқылы дискіде орын босату тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді
физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын
файлдарды жинау кеңсесі, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат қойылған
үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын жеткіліксіз болса,
өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімібұл
компьютердегі жадтың
көлемін ұлғайту.
Компьютердің екі жад модулі ұясы бар. Жад модулі ұялары компьютер түбінде қатты диск
қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу немесе
жад модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулімен қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
5. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
6. Сымсыз байланыс жəне жад модульдері бөлімінің қақпағын компьютерден шешіңіз.
Компьютер жұмысын жақсарту 55