User Guide - Windows 8
8. Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
а. Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз.
ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад
модулінің ұясына орныққанша басыңыз.
б. Жад модулінің (3) сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін
төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз.
9. Жад модулі бөлімінің қақпағын орнына салу:
10. Батареяны орнына салыңыз.
11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
12. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар
қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен
дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 57