User Guide - Windows 8

құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың
барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз.
НР бағдарламаларының ең соңғы нұсқаларын жүктеңіз жəне де жаңа нұсқалар бар екені
туралы автоматты ескертулерді алу үшін тіркеліңіз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа
өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
Компьютерді тазалау
Компьютерді жəне сыртқы құрылғыларды тазалау оларды жақсы жұмыс күйінде ұстауға
көмектеседі. Компьютерді тазаламаған жағдайда, шаң жəне кір бөлшектері жиналуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Спирт, ацетон, аммоний хлорид, метилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар.
Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды.
Дисплейді, құрылғының шеттері мен қақпағын тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау құралына малынған шүберекпен
жайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оның кебуін күтіңіз.
Шеттерін жəне қақпағын тазалау үшін, алдын ала ылғалдандырылған бір рет қолданылатын
майлықты пайдаланыңыз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат
түсіруі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадағы пернелер арасына тіпті компьютерді тазалау барысында да
ешқашан су тамызбаңыз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау үшін, спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған
жұмсақ микроталшық матаны, майы жоқ электр зарядын жібермейтін матаны (мысалы,
күдері сияқты) немесе бір рет қолданылатын лайық майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды жəне
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне
зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда
пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа
карталарын шығарып алыңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
58 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету