User Guide - Windows 8

9 Компьютер мен ақпаратты қорғау
Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте
маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS)
құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты
қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне
зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір мүмкіндіктер
компьютеріңізде болмауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Қосылғанда сұралатын құпия сөз
Компьютерлік вирустар Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
Деректерге рұқсатсыз кіру Желіаралық қалқан бағдарламалық құралы
Setup Utility (BIOS) параметрлеріне жəне жүйені
анықтаудың басқа ақпаратына рұқсатсыз кіру
Əкімші құпия сөзі
Компьютерге төнетін бар немесе келешек қауіптер Бағдарламалық құрал жаңартулары
Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпия сөзі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің құлпы
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау жəне қауіпсіз түрде онлайн əрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы,
компьютерді бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility
(BIOS) утилитасында орнатылады.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір
құпия сөзді
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін əр құпия сөзді жазып алып,
компьютерден басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпия сөздерді компьютердегі файлда
сақтамаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Құпия сөздерді кем дегенде үш ай
сайын өзгерткен жөн.
Əріптер, тыныс белгілері, таңбалар жəне сандары бар ұзын құпия сөз мінсіз болып
табылады.
Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды жəне
құпия сөз параметрлерін жойыңыз.
60 Бап 9 Компьютер мен ақпаратты қорғау