User Guide - Windows 8
үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 57-бетте бөлімінен қараңыз.
Windows жаңартуларын орнату
Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан
жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені
туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін,
ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды
жаңартуларды орнатыңыз.
Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды
орындаңыз:
●
Компьютерді
орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update бағдарламасын іске
қосыңыз. Бастау экранына windows update (windows жаңартуы) cөзін жазыңыз.
Параметрлер басып, көрсетілген опциялардан Windows Update тармағын таңдаңыз.
●
Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
●
Windows жəне басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай-ақ анықтама жəне қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алыңыз.
HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық
құралдарының жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен
драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді
автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге
жаңартуларды ұсынады.
Сымсыз желіні қорғау
Сымсыз желіні орнатқан кезде қауіпсіздік функцияларын іске қосыңыз. Қосымша ақпаратты
WLAN жүйесін қорғау 18-бетте бөлімінен қараңыз.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының жəне
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын жəне мəліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан
немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау
қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру 68-бетте бөлімінен
қараңыз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде əрекет ету үшін жасалған,
бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель
Сымсыз желіні қорғау 63