User Guide - Windows 8
10 Setup Utility (BIOS) жəне System
Diagnostics
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Setup Utility (BIOS) утилитасын басу
Орнату бағдарламасын (BIOS) іске қосу үшін компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз,
содан кейін f10 пернесін тез басыңыз.
Setup Utility (BIOS) бағдарламасының ішінде жылжу туралы ақпарат экранның төменгі жағында
көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM деректері жəне BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc
пернелер тіркесімін басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS)
утилитасын пайдаланып көрсетуге болады.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Негізгі тармағын таңдаңыз.
3. Setup Utility (BIOS) утилитасынан өзгерістерді
сақтамай шығу үшін, көрсеткі пернелерінің
көмегімен Exit (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді қабылдамай шығу)
тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) утилитасын басу 65