User Guide - Windows 8

BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату
барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютерді өшірмеңіз немесе ұйқы күйіне ауыстырып қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Бастау экранынан HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
2. Жаңартулар мен жетілдірулер, содан кейін HP жаңартуларын қазір тексеру опциясын
таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS
нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын
жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге
жүктелгеннен кейін оны
табу үшін қажет болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңа болса, қатты дискідегі BIOS жаңартуы
жүктеп алынатын орынға апаратын жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға
дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын,
əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты
диск болып табылады.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту
файлы орналасқан қатты дискідегі
қалтаны тауып ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
66 Бап 10 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics