User Guide - Windows 8
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін HP
компаниясы жəне амалдық жүйе ұсынатын құралдар бар. Бұл құралдар компьютерді
қарапайым қадамдармен жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе тіпті бастапқы зауыттық күйге
келтіруге көмектеседі.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
●
Жүйені қалпына келтіру жəне
жөндеу
ЕСКЕРІМ: Бұл нұсқаулықта сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне жөндеу
опцияларына шолу сипатталған. Ұсынылатын құралдар туралы егжей-тегжейлі мəліметтерді
Анықтама жəне қолдау орталығынан қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан
кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер
жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру тек жақын арада жасалған сақтық көшірмемен
бірдей нəтиже береді.
1. Компьютердің параметрлерін сəтті орнатқаннан кейін, HP Recovery құралын жасаңыз. Бұл
қадамда компьютерде HP Recovery бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Сақтық
көшірмені қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда бастапқы амалдық
жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады.
Жасалған HP Recovery құралы төмендегідей қалпына келтіру опцияларын ұсынады:
● Жүйені қалпына келтіру — Бастапқы амалдық жүйе мен зауытта орнатылған
бағдарламаларды қайта орнатады.
●
Кішірейтілген бейнеден қалпына келтіру — Амалдық жүйені жəне барлық аппараттық
құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру — Қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіру
жəне бөліктерді қайта жасау арқылы компьютерді бастапқы
зауыттық күйіне келтіреді.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды
қайта орнатады.
68 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру