User Guide - Windows 8

HP Recovery құралын жасау 69-бетте бөлімін қараңыз.
2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына
келтіру утилитасымен белгілі бір сəтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені
қалпына келтіру нүктесінде реестр параметрлері сияқты Windows пайдаланатын ақпарат
болады. Windows жүйесі бастапқы қалпына келтіру нүктесін Windows жүйесін жаңарту
жəне жүйеге басқа
да күтім көрсету үрдісі (мысалы, бағдарламалық құралды жаңарту,
қауіпсіздікті тексеру немесе жүйенің диагностикасын жасау) барысында автоматты түрде
жасайды. Сонымен қатар, жүйені қалпына келтіру нүктесін кез келген уақытта қолмен
жасауға болады. Белгілі бір жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау туралы қосымша
ақпарат пен қадамдарды Windows анықтама жəне қолдау орталығынан қараңыз. Бастау
экранынан анықтама сөзін теріп, одан
кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
3. Фотосуреттер, бейне, музыка жəне басқа да жеке файлдары қосқаннан кейін, жеке
ақпаратыңыздың сақтық көшірмесін жасаңыз. Windows Файл реттегішін кітапханалар,
жұмыс үстелі, контактілер мен таңдаулылардан тұрақты жəне автоматты түрде сақтық
көшірме жасайтын етіп орнатуға болады. Егер файлдар қатты дискіден байқаусызда
жойылып кетсе жəне оларды қоқыс кəрзеңкесінен қайтып
қалпына келтіру мүмкін болмаса
немесе файлдар бүлінсе, Файлдар журналы арқылы сақтық көшірмесі жасалған
файлдарды қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар, файлдарды қалпына келтіру
функциясы компьютердің параметрлерін Windows жүйесін қайта орнату арқылы бастапқы
қалпына келтірсеңіз немесе HP Recovery Manager бағдарламасымен қалпына келтіруді
таңдасаңыз көмектесе алады.
ЕСКЕРІМ: Файлдар журналы əдепкіде қосулы болмайды, сондықтан оны қосу қажет.
Windows файлдар журналын қосу туралы қосымша ақпарат пен қадамдарды Windows
анықтама жəне қолдау орталығынан қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп,
одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
HP Recovery құралын жасау
HP Recovery Manager — компьютер параметрлерін сəтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру
құралын жасау жолын ұсынатын бағдарламалық құрал. HP Recovery құралын қатты диск
бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру
бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады, одан кейін бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery құралын жүйе
параметрлерін бейімдеу үшін немесе қатты дискіні ауыстырғанда көмек ретінде
қолдануға
болады.
HP Recovery құралының тек бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын
қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін
немесе қажет етілетін бос DVD дискілерінің санын анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін, компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар
оптикалық диск жетегі болуы керек жəне тек
жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R
DL, DVD+R DL дискілерін қолдану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW
дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын
дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына жоғары сапалы бос USB флэш-дискісін қолдануға
болады.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру құралын жасағыңыз келсе,
қалпына келтіру дискілерін
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау 69