User Guide - Windows 8
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға немесе HP
веб-торабынан компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға болады. АҚШ
қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау
үшін мына торапқа өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Сыртқы
оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы керек.
диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
●
Қалпына келтіру құрадарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
●
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
●
Қажет болса, барлық
қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды
аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесі жолы ашқанда, сізге жалғастыру
ұсынылатын болады жəне қалған дискілер жазылады.
HP Recovery құралын жасау үшін:
1. Бастау экранында recovery деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager опциясын
таңдаңыз.
2. Жалғастыру үшін Жүйені қалпына келтіру құралын жасау пəрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына
келтіру қажет бола қалса, HP Recovery Manager арқылы қалпына
келтіру 73-бетте бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сəйкес келетін əдіс пен
шеберлік деңгейін таңдаңыз:
●
Жеке файлдарыңыз бен деректерді қалпына келтіру қажет болса, жасалған сақтық
көшірмелерден ақпаратты қалпына келтіру үшін Windows файлдар журналын қолдануға
болады. Файлдар журналын пайдалану туралы қосымша ақпарат пен қадамдарды
Windows анықтама жəне қолдау орталығынан қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін
теріп,
одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
●
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мəселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату опциясын қолданыңыз.
Бастау экранында recovery деп жазып, HP Recovery Manager, содан кейін Драйверлер
мен қолданбаларды қайта орнату тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Жүйені
қандай да бір жеке ақпаратты жоғалтпастан алдыңғы күйге қайтару үшін Windows
жүйесін қалпына келтіру опциясы қолданылады. Жүйені қалпына келтіру Windows жүйесін
қайта жаңартуды немесе қайта орнатуды талап етпестен қалпына келтіруге мүмкіндік
береді. Windows жүйесін жаңарту немесе басқа да жүйеге күтім көрсету оқиғалары
барысында Windows автоматты түрде жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасайды.
Қалпына келтіру нүктесін қолмен жасамасаңыз
да, автоматты түрде жасалған алдыңғы
нүктеге қалпына келтіруді таңдауға болады. Windows жүйесін қалпына келтіруді пайдалану
туралы қосымша ақпарат пен қадамдарды Windows анықтама жəне қолдау орталығынан
қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау
пəрменін таңдаңыз.
70 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру