User Guide - Windows 8
●
Егер сізге жеке ақпаратыңызды, параметрлерді немесе компьютерге алдын ала
орнатылған немесе Windows дүкенінен сатып алынған қолданбаларды жоғалтпастан
жылдам əрі оңай қалпына келтіру керек болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын
қолданып көріңіз. Бұл опция басқа бір дискіге деректердің сақтық көшірмесін жасауды
қажет етпейді.
Жылдам əрі оңай қалпына келтіру үшін Windows жүйесін қайта жаңартуды
пайдалану 72-бетте бөлімін қараңыз.
●
Компьютерді бастапқы күйіне қайтару керек болса, Windows барлық жеке деректер,
қолданбалар мен параметрлерді жойып, Windows жүйесін қайта орнатудың оңай жолын
ұсынады.
Қосымша ақпаратты
Барлығын жойып, Windows жүйесін қайта орнату 72-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютерді кішірейтілген бейнемен бастапқы қалпына келтіру керек болса, HP Recovery
бөліміндегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе HP Recovery құралындағы HP кішірейтілген
бейнеден қалпына келтіру опциясын таңдауға болады. Кішірейтілген бейнеден қалпына
келтіру тек драйверлер мен аппараттық құралдарды қосатын қолданбаларды орнатады.
Бейнедегі басқа қолданбаларды HP Recovery Manager ішіндегі Драйверлер мен
қолданбаларды қайта орнату опциясын арқылы орната беруге болады.
Қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру 73-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютердің бастапқы бөліктері мен мазмұнын қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery құралындағы жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға болады. Қосымша
ақпаратты
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру 73-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Қатты дискіні ауыстырған болсаңыз, зауыттық бейнені ауыстырылған қосалқы дискіге
қалпына келтіру үшін HP Recovery құралындағы зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
опциясын қолдануға болады. Қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager арқылы қалпына
келтіру 73-бетте бөлімінен қараңыз.
● Қатты дискідегі бос орынды қайтарып алу үшін қалпына келтіру бөлігін жою керек болса,
HP Recovery Manager қалпына келтіру бөлігін жою опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты
HP Recovery бөлімін жою 75-бетте бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 71