User Guide - Windows 8
Жылдам əрі оңай қалпына келтіру үшін Windows жүйесін қайта
жаңартуды пайдалану
Компьютер дұрыс жұмыс істемей тұрса жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет
болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын жаңадан бастап, маңызды нəрселерді
қалдыруға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қайта жаңарту жүйеге зауытта бастапқыда орнатылмаған қандай да
бір əдеттегі қолданбаларды жояды.
ЕСКЕРІМ: Қайта жаңарту кезінде, қайтадан орнатуыңыз мүмкіндіктерін жылдам көре алуыңыз
үшін жойылған əдеттегі қолданбалардың тізімі сақталады. Əдеттегі қолданбаларды қайта
орнату туралы нұсқауларды Анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау экранынан
анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты Windows анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз.
Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
Қайта жаңартуды бастау үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз.
2. Шебер түймелері ашылғанда Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Компьютер параметрлерін өзгерту опциясын
басып, компьютер параметрлері экранынан Жалпы опциясын таңдаңыз.
4. Файлдарды жоймастан ДК қалпына келтіру астынан Бастау пəрменін таңдаңыз
да,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Барлығын жойып, Windows жүйесін қайта орнату
Кейде компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді
толығымен қайта пішімдеу немесе жеке ақпаратыңызды жоюыңыз керек болады. Осы бөлімде
сипатталған үрдіс компьютерді бастапқы күйіне қайтарудың жылдам, қарапайым əдісі беріледі.
Бұл опция компьютерден барлық жеке деректер, қолданбалар мен параметрлерді жойып,
Windows жүйесі қайта орнатады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл опция ақпаратыңыздың сақтық көшірмесімен қамтамасыз етпейді.
Бұл опцияны қолданар алдында сақтап қалғыңыз келетін барлық жеке ақпараттың сақтық
көшірмесін жасаңыз.
Бұл опцияны f11 пернесі арқылы немесе Бастау экранынан қосуға болады.
f11 пернесін қолдану үшін:
1. Компьютер жүктеліп жатқанда f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймесін басқанда f11 пернесін басып тұрыңыз.
2. Жүктеу опциялары мəзірінен Ақауларды жою тармағын таңдаңыз.
3. ДК қалпына келтіру опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
72 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру