User Guide - Windows 8
Бастау экранын қолдау үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз.
2. Шебер түймелері ашылғанда Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Компьютер параметрлерін өзгерту опциясын
басып, компьютер параметрлері экранынан Жалпы опциясын таңдаңыз.
4. Барлығын жойып, Windows жүйесін қайта орнату астынан Бастау пəрменін таңдаңыз
да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді. Жасалған HP Recovery құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру
опцияларының бірін таңдауға болады:
● Жүйені қалпына келтіру — Бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта
орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
●
Кішірейтілген бейнеден қалпына келтіру — Амалдық жүйені жəне барлық аппараттық
құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады,
бірақ басқа
бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру — Қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіру жəне
бөліктерді қайта жасау арқылы компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіреді. Содан
кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) кішірейтілген бейнеден қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан
қайта орнату керек.
●
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы
шарасы ретінде пайдаланған жөн.
●
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек.
●
Зауыттық
параметрлерді қалпына келтіру немесе жүйені қалпына келтіру опцияларын
қолдану үшін HP Recovery құралын пайдалану керек.
●
HP Recovery құралы жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру құралдарын HP веб-
торабынан алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/
contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/
en/wwcontact_us.html.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін
автоматты түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастар алдында, сақтап қалғыңыз
келетін барлық жеке деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 73