User Guide - Windows 8

Кішірейтілген бейнені қалпына келтіру үшін HP Recovery бөлімін қолдану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына
келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан кішірейтілген бейнені қалпына келтіруге мүмкіндік
береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін
болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
1. Компьютер жүктеліп жатқанда f11 пернесін басыңыз.
немесе
Қуат түймесін басқанда f11 пернесін басып
тұрыңыз.
2. Жүктеу опциялары мəзірінен Ақауларды жою тармағын таңдаңыз.
3. HP Recovery Manager опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үшін HP Recovery құралын пайдалану
Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery құралын қолдануға болады. Бұл əдісті
жүйеңізде HP Recovery бөлімі болмаған немесе қатты диск дұрыс жұмыс істемеген жағдайда
қолдануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші жасалған HP Recovery дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе
қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне салыңыз да, компьютерді қайта іске қосыңыз.
немесе
HP Recovery USB
флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгертіңіз.
Компьютердің жүктелу тəртібін
өзгерту 74-бетте бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Компьютер HP Recovery Manager бағдарламасында қайта іске қосылмаса, компьютер қосылу
туралы ақпаратты қарайтын BIOS жүйесіндегі тізімде берілген құрылғылар реті болып
табылатын компьютердің жүктелу ретін өзгертуге болады. Оптикалық дискінің немесе USB
флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін:
1. Жасалған HP Recovery құралын салыңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып тұрып,
жүктелу
параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз.
4. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
74 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру